Жаңа Конституцияны қабылдау жаңа мемлекеттік-саяси модельге көшкенімізді білдіреді – Ерлан Қарин

/
Жаңа Конституцияны қабылдау жаңа мемлекеттік-саяси модельге көшкенімізді білдіреді – Ерлан Қарин
Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституция елдің жаңа саяси модельге көшкенін білдіретінін айтып, ендігі міндет – қоғамда конституциялық құндылықтарды орнықтыру екенін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жаңа Конституцияны қабылдау жаңа, заманауи әрі серпінді мемлекеттік-саяси модельге көшкенімізді білдіреді.

Дауыс беру нәтижелері біздің қоғамның президенттік реформалардың төңірегіне топтасып, тұтаса түсетінін растады.

Алайда, Ата Заңды қабылдау – алғашқы кезең ғана.

Мемлекет басшысы айтқандай, алдымызда заңнамалық базаны үйлесімді ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр», - деді Мемлекеттік кеңесші.

Ол жаңадан 5 конституциялық заңды және шамамен 60 кодекс пен заңды қабылдау қажет екенін мәлім етті.

«Алғашқы кезеңнің өзінде жаңадан 5 конституциялық заңды және шамамен 60 кодекс пен заңды қабылдау қажет.

Одан кейін Құрылтай және Қазақстан Халық Кеңесі секілді жаңа институттарды қалыптастыру міндеті тұр.

Үшінші, ең басты міндет – жаңа конституциялық қағидаттар мен құндылықтарды қоғамдық санада орнықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу. Бұл дегеніміз, ең алдымен, Тәуелсіздік және Егемендік, Әділетті Қазақстан идеясы, Заң және Тәртіп қағидаттары, бірлік және ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, адами капиталды дамыту, мәдениет, білім, ғылым және инновация құндылықтары, еңбекқорлық, прогресс, табиғатқа деген қамқорлық.

Осылайша, Ата Заңның қабылдануымен конституциялық, институционалдық және идеологиялық деңгейлерде жаңа қоғамдық әдептің біртұтас мағыналық негізі қалыптасады», - деді Ерлан Қарин.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары