Ақтөбе облысында топтық төбелесте 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

/
Ақтөбе облысында топтық төбелесте 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
istockphoto.com

20 наурызға қараған түні Шалқар қаласында жастар арасында болған топтық төбелес салдарынан 17 жастағы жігіт пышақ жарақатын алып, көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Марқұм 2025 жылы мектепті бітірген, уақытша жұмыспен айналысып жүрген. Ол әскерге баруға дайындалып, кейін жоғары оқу орнына түсуді жоспарлаған.

«Бәріміз шок күйдеміз. Әлихан адамдармен тез тіл табыса алатын, науқас әжесіне ерекше қамқорлық көрсететін. Бойшаң, келбетті еді. Әскерде қызмет етіп, білімін жалғастырып, отбасына көмектесуді армандайтын. Енді біз оны соңғы сапарға шығарып салуға бара жатырмыз. Әлихан – отбасындағы ортаңғы бала. Оның ағасы және кіші қарындасы бар. Біздің қандай күйде екенімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деді марқұмның тәтесі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жастар қатысқан жанжал фактісі бойынша, оның салдарынан бір қатысушы қаза тапқандықтан, қылмыстық іс қозғалды.

 Жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Барлық қатысы бар адамдардың әрекетіне заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы полиция департаменті басшысының бақылауында. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары