«Алматы – Өскемен» автожолында күрделі жөндеу жұмысы басталды

/
«Алматы – Өскемен» автожолында күрделі жөндеу жұмысы басталды
ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» автомобиль жолының 213-234 шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жоба шеңберінде қолданыстағы жол жамылғысы жер төсеміне дейін бұзылып, оның орнына жаңа жол конструкциясы салынатын болады.

Күрделі жөндеу жұмыстары барысында:

  • жол жабынын толық жаңарту;
  • су өткізгіш құбырларын қалпына келтіру;
  • қосымша мал өткелдерін салу;
  • суды қабылдау лотоктарын орнату;
  • таулы беткейлерді тегістеу және нығайту жұмыстары қарастырылған.

Жол пайдаланушыларының назарына!

Құрылыс кезеңінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір бөліктерде реверсивті қозғалыс енгізіледі. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы уақытша жол белгілері, жол таңбалары мен сигналды реттеушілері арқылы реттелетін болады.

Жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін сақтап, жол белгілерінің талаптарын қатаң орындауды сұраймыз.

Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде жол қозғалысының қауіпсіздігі артып, өңірдің көлік инфрақұрылымы жақсарып, жол пайдаланушылар үшін қолайлы және қауіпсіз қозғалыс жағдайлары қамтамасыз етіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары