Елімізде 174 тіс емханасы қызметін тоқтатты

/
Елімізде 174 тіс емханасы қызметін тоқтатты
istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағы бойынша стоматологиялық клиникаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізуде. Бұл жұмыс мемлекеттік органдардың тапсырмалары шеңберінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері арқылы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жалпы тексеру тізіміне 622 стоматологиялық клиника енгізілген, бүгінгі таңда 392 тексеру жүргізілді.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, 103 клиникада заңбұзушылықтар анықталмаған. Қызметін тоқтатқан 174 стоматологиялық клиниканың 56-сы медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясын ерікті түрде қайтарған.

Жекелеген жағдайларда жедел әрекет ету шаралары қабылданып, субъектінің қызметі 30-дан 90 күнге дейін уақытша тоқтатылды, сондай-ақ медициналық қызметкерлер 30 күнге дейін жұмыстан шеттетілді.

Тексеру барысында медициналық көмекті көрсету стандарттарының сақталуына, лицензиялық талаптардың орындалуына және білікті мамандардың болуына ерекше назар аударылуда.

Жүргізіліп жатқан тексерулер, ең алдымен, пациенттердің құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және стоматологиялық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары