Бурабайда жұмысшыларына қосымша ақы төлемеген кәсіпорын анықталды

/
Бурабайда жұмысшыларына қосымша ақы төлемеген кәсіпорын анықталды
istockphoto.com

Ақмола облысының Бурабай ауданының прокуратурасы «Көкше» облыстық оңалту орталығы» ШЖҚ МКК-да жүргізілген тексеру барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, кәсіпорынның санитарларына зиянды еңбек жағдайларына байлансты қосымша ақы төленбеген.

Прокуратураның ұсынуы бойынша дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жабық орындарды жинаумен айналысатын 23 қызметкерге қосымша ақы тағайындалып, жалпы сомасы 3 430 840 теңгеге қайта есептеу жүргізіліп, қазіргі уақытта төленуде.

Осылайша, қадағалау шаралары нәтижесінде кәсіпорын қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары