«Балаларынан бас тартты»: Шавкат Рахмоновтың әйелі жазба жариялады

/
«Балаларынан бас тартты»: Шавкат Рахмоновтың әйелі жазба жариялады
коллаж: turkystan.kz

Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жары ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол күйеуі балалардан бас тартқанын айтып, онымен ажырасып кеткенін мәлім етті. 

«Айтылып жүргендей, ажырасқаннан кейін балалар тек анасына керек болады екен. Бүгін ол өз балаларынан бас тартып, бәрібір аналарына ұқсайды деді.  Ешқашан осындай қамқор әке бір күнде «балаларды енді алып келме» деп айтады деп ойламаппын. Иә, мен дүниеге 4 бала әкелдім, қазір 5-ші баламды күтіп жүрмін. Сөйтсем, мен «тым көп бала туып жатыр» екенмін.  Не дейін.  Егер балалар әкесіне керек болмаса, онда балаларға да ондай әке қажет емес! Алла маған балаларымды өсіріп, асырауға күш-қуат берсін», - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары