Солтүстік Қазақстанда 5 млрд теңге тұратын есірткі заттары тәркіленді

/
Солтүстік Қазақстанда 5 млрд теңге тұратын есірткі заттары тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысының полициясы шекара қызметімен бірлесіп «Жаңа жол» бекетінде ел аумағына прекурсорларды контрабандалық жолмен жеткізудің ірі арнасын анықтады. Олар Қазақстанға тұрмыстық химия ретінде жасырылып әкелінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеткізу тізбегін анықтау нәтижесінде полицейлер Ақмола және Алматы облыстарында орналасқан екі нарколабораторияны жойды. Есірткі өндіруге қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Оларға өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.

Тәркіленгендер қатарында 3 тонна прекурсор және айналымға шығаруға дайын шамамен 200 келі синтетикалық есірткі бар. Тәркіленген заттардың нарықтық құны шамамен 5 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде 600 мыңнан астам бір реттік «синтетика» дозасы заңсыз айналымға түспеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары