Қызылордада жалған еңбекке жарамсыздық парағын берген дәрігерге үкім шықты

/
Қызылордада жалған еңбекке жарамсыздық парағын берген дәрігерге үкім шықты
istockphoto.com

Қызылорда облысының прокуратурасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіне тексеру жүргізу барысында лауазымды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамаққа алынған.

Алайда, мемлекеттік қызметші жұмыста болмаған себебін жасыру және жұмыстан қалуын заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған.

Тергеу барысында құжаттың жалған екені және оны Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері дайындағаны белгілі болды.

Прокурорлық тексеру материалдары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа жолданды.

Соттың үкімімен аудандық аурухана дәрігері жалған құжат дайындағаны үшін ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеужазасы тағайындалды.

Ал, бөлім басшысы көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары