Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Қазгидромет еліміздің бірнеше қаласында 19 наурыз күні ауа сапасының нашарлау қаупі бар екенін мәлімдеді.

Мекеме дерегінше, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін.

Мұндай жағдайлар әдетте ауа қозғалысының баяулауынан, тұманның түсуінен немесе атмосферадағы инверсия құбылысынан туындайды.

Соның салдарынан зиянды заттар ауада жиналып, ластану деңгейі артады.
Синоптиктердің айтуынша, осы кезеңде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеуі ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары