Италияда өткен 2026 жылғы Паралимпиада чемпионы атанған Ербол Хамитов ар-намыс пен адамгершілік құндылықтардың өзі үшін басты орында екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бірінші кезекте, ақша – мен үшін басты нәрсе емес. Мен ешқашан ақшаны бірінші орынға қойған емеспін. Мен үшін ең маңыздысы – ар-намыс пен қадір-қасиет. Сондай-ақ ең бастысы – әрқашан адам болып қалу», - деді чемпион.
Айта кетейік, отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды.
Ал оған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.