Еліміздегі мектептерде «Ұлттық ойындар керуені» республикалық акциясы өтеді

/
Еліміздегі мектептерде «Ұлттық ойындар керуені» республикалық акциясы өтеді
Оқу-ағарту министрлігі. Сурет Жасанды интеллект арқылы жасалған

20 наурыз күні еліміздің барлық мектептерінде Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық ойындар керуені» атты республикалық мектеп акциясы ұйымдастырылады. Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары, педагогтер және ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Акция ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттауға, оқушылардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыруға бағытталған.

«Ұлттық ойындар керуені» еліміздің барлық өңірлерінде Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады. Бұл бастама ұлттық дәстүр сабақтастығын дәріптеп, оқушыларды ортақ мәдени құндылықтар төңірегінде біріктіруге мүмкіндік береді.

Акция аясында мектептерде ұлттық ойындарға арналған арнайы алаңдар ұйымдастырылып, іс-шаралар спорттық-ойын фестивалі форматында өтеді. Оқушылар асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, ләңгі сияқты ұлттық ойындарға қатысып, жас ерекшеліктеріне бейімделген ойындар мен тақырыптық эстафеталарда бақ сынайды.

Көктем мерекесін атап өту шаралары 12-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтуде. Білім беру ұйымдарында тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар, ұлттық ойындар мен мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар