Астық пен ұн экспорты 8,9 млн тоннаға жетті

/
Астық пен ұн экспорты 8,9 млн тоннаға жетті
Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы наурызға дейінгі кезеңде астық пен ұнның астық баламасындағы экспорты 8,9 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық (7,9 млн тонна), деп хабарлайды turkystan.kz.

Экспорттың негізгі бағыттары бойынша оң динамика байқалады.

Атап айтқанда, Өзбекстанға жеткізілімдер 14%-ға өсіп, 6,6 млн тоннадан 7,5 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға экспорт 1,8 есеге артып, 194 мың тоннадан 354 мың тоннаға дейін көбейді. Ауғанстанға жеткізілім көлемі 24%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,3 млн тоннаға жетті. Түрікменстанға экспорт 1,5 есеге ұлғайып, 94 мың тоннадан 145 мың тоннаға дейін артты.

Экспорт көрсеткіштерінің өсуі сыртқы нарықтарда қазақстандық астық өнімдеріне тұрақты сұраныстың бар екенін және экспорттық логистиканы дамыту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары