Тегін медициналық көмекті қаржыландыруға халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялардың қаражаты тартылады

/
Тегін медициналық көмекті қаржыландыруға халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялардың қаражаты тартылады
Ғаламтор

Жаңа Конституцияның қабылдануы кепілдік берілген медициналық көмек көлемінің қысқаруына әкеп соқпайды, керісінше – оны қаржыландыру көздері кеңейтілетін болады. Үкімет отырысында «Халық денсаулығы туралы» кодекске енгізілетін өзгерістер туралы Аида Балаева айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа нормаларға сәйкес, тегін медициналық көмекті қаржыландыруға бюджеттен бөлек халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялардың қаражаты тартылатын болады. МӘМС сақтандыру пакеті жоғары технологиялық қызметтерге қол жеткізудің негізгі құралы болады. Бұл ретте әрбір азаматтың денсаулық сақтау мен биологиялық қауіпсіздікке кепілдік берілген құқығы өзгеріссіз қалады.

«Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі сақталады. Ең бастысы, азаматтардың құқықтары сақталып қана қоймай, қосымша институционалдық тұрғыдан нығайтылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің рөлі арта түспек. Кезең-кезеңімен енгізілетін бірыңғай базалық медициналық пакет арқылы азаматтар жоспарлы әрі күрделі медициналық қызметтердің басым бөлігіне осы сақтандыру есебінен қол жеткізе алады», — деп атап өтті Аида Балаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар