Референдум берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымыздың тағы бір көрінісі болды – Тоқаев

/
Референдум берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымыздың тағы бір көрінісі болды – Тоқаев
Ақорда

Бүгін Ақордада жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Жиында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру науқанына атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұл референдум берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымыздың тағы бір өнегелі көрінісі және нышаны болды. Біз халқымызға тән нағыз отаншылдық рухын сезіндік, олардың риясыз қолдауына куә болдық. Мемлекет тағдырына бей-жай қарамай, дауыс беру науқанына атсалысқан барша азаматқа зор алғыс айтамын! Ұлт мүддесін терең түсініп, Ата заңды қолдап, дауыс беруді тарихи миссия санаған жұртшылыққа шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл орайда, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда облыстарының және басқа да аймақтардың Ата заңды мақұлдап, дауыс берген тұрғындарына алғысымды айтқым келеді», – деді Мемлекет басшысы.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары