Астанада прокурорлар инвесторға бірегей оқыту әдістемесі бар балабақша құрылысының басталуына көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті заманауи балабақша салу жобасын жүзеге асырып жатқан инвестордың құқықтарын қорғады.
Құны 800 млн теңгені құрайтын инвестициялық жоба 60 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.
Балабақшада мемлекеттік білім беру стандарттарын қатаң сақтай отырып, гуманистік-тұлғалық педагогиканы, Reggio-тәсілді және балалардың эмоциялық интеллектісін дамытуға бағытталған скандинавиялық әдістемелерді үйлестіретін, сондай-ақ балалардың дербестігін дамытуға бағытталған заманауи білім беру бағдарламасы енгізіледі.
Анықталғандай, инвестор уәкілетті орган тарапынан рұқсат беру құжаттарын алуда негізсіз бас тартуға тап болған. Бұл жоба іске асырылу мерзімдеріне қауіп төндіріп, құрылыстың толық тоқтап қалуына әкелуі мүмкін еді.
Прокуратураның жедел араласуының арқасында әкімшілік кедергілер жойылып, рұқсат беру мәселелері қысқа мерзімде шешілді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қалыпты режимде жалғасуда.