Түркістан облысында тұратын түрлі этнос өкілдері дауыс беруге ұлттық киімдерін киіп барды

/
Түркістан облысында тұратын түрлі этнос өкілдері дауыс беруге ұлттық киімдерін киіп барды
сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысында өтіп жатқан саяси науқанға түрлі этнос өкілдері белсенділік танытты. Арыс қаласындағы №9 референдум учаскесіне татар, башқұрт, иран, әзірбайжан, славян және өзбек этномәдени орталықтарының өкілдері келіп, дәстүрлі әндерін орындады. Сонымен қатар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Әртүрлі этнос өкілдерінің бір мақсатта бас қосуы – Қазақстандағы бірлік пен келісімнің айқын дәлелі. Осындай шаралар халық арасында өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтады. Сонымен қатар, бұл азаматтардың өз елінің саяси өміріне белсенді қатысуына, қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум комиссиясының сағат 16:00-дегі мәліметі бойынша облыс халқының 72,39%-ы дауыс берген. Сонымен қатар, облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Сондай-ақ, республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшелері тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше).

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары