Алматыда референдум күні 44 сәби дүниеге келді

/
Алматыда референдум күні 44 сәби дүниеге келді
Алматы әкімдігі

15 наурыз күні сағат 00:00-ден 14:00-ге дейін Алматы перзентханаларында 44 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның 21-і ұл, 23-і қыз. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарының жағдайы қанағаттанарлық, олар мамандардың бақылауында.

Сол күні қаланың акушерлік көмек көрсететін медициналық ұйымдарында пациенттердің республикалық референдумға қатысуына мүмкіндік ұйымдастырылды.

Үш перинаталдық орталық пен үш перзентханада стационарда ем алып жатқан босанушылар мен босанған 558 әйел дауыс беруге қатысты.

Пациенттер үшін дауыс беру емдеу тәртібін және босанғаннан кейінгі қалпына келу режимін бұзбай ұйымдастырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары