“Тау адамы”: Түркістан облысында тауда жалғыз өзі өмір сүретін тұрғын дауыс беруге барды

/
“Тау адамы”: Түркістан облысында тауда жалғыз өзі өмір сүретін тұрғын дауыс беруге барды
сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Созақ ауданының орталығы Созақ ауылында орналасқан №708 референдум учаскесіне Қаратау бөктерінде жалғыз өзі өмір сүретін тұрғын, халық арасында “Тау адамы” атанып кеткен Шавкат Жұртанов келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жасы алпысқа таяған Шавкат Жұртанов Қаратау бөктерінде табиғатпен етене өмір сүріп келеді. Ол тау басына күрке тігіп, кей кездері жападан-жалғыз бірнеше ай бойы сонда тұрады. Табиғат аясындағы тыныш тіршілікті таңдаған азамат қоғамдағы маңызды саяси науқаннан шет қалмады. Референдумға қатысып, өз дауысын берді. “Тау адамы” атанып кеткен тұрғынның референдум учаскесіне арнайы келіп, дауыс беруі ауыл тұрғындарының да назарын аударды.

Шавкат Жұртанов ел болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат маңызды саяси науқандарға қатысуы тиіс екенін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары