Референдумда дауыс беру үшін Сербиядан Будапештке келдім – 76 жастағы жиһанкез

/
Референдумда дауыс беру үшін Сербиядан Будапештке келдім – 76 жастағы жиһанкез
сурет: Мажарстандағы Қазақстан елшілігі

76 жастағы жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев Мажарстанда дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz Мажарстандағы Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.

Қотырашев Сәрсенбай – «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, 76 жастағы жиһангез. Ол Будапешт, Мажарстандағы №407 референдум учаскесіне бірінші болып келіп, дауыс берді.

4 наурызда Сербияның астанасынан шығып, Будапештке жеттім. Мұндағы мақсатым – референдумға қатысу. Оның маңызы зор. Жастарға айтарым – білімдеріңді шыңдап, өз мемлекеттеріңе, өз ұлттарыңа қызмет етіңдер. Әлемді таныңдар, саяхаттауға ешқашан кеш емес, – деді Сәрсенбай Қотырашев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары