Қазақстаннан үйренуге болады – ТМД ПАА бақылаушылары референдумның ұйымдастырылуы туралы пікір айтты

/
Қазақстаннан үйренуге болады – ТМД ПАА бақылаушылары референдумның ұйымдастырылуы туралы пікір айтты
сурет: Орталық коммуникациялар қызметі

Халықаралық бақылаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Федералдық құрылым, аймақтық саясат, жергілікті өзін-өзі басқару және солтүстік істер жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Шевченко кез келген мемлекет үшін жаңа Конституция қабылдау ел өміріндегі ең маңызды оқиға екенін айтты. Сонымен қатар ол дайындық деңгейінің жоғары екенін ерекше атап өтті.

«Комиссиялардың да, сайлау учаскелерінің де қаншалықты жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Учаскелерде орналасқан барлық ақпараттық материалдар өте мазмұнды әрі түсінікті дайындалған. Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы дауыс беру орындарының бар екенін байқадық. Бұл да өте маңызды. Бүгін бізде әлі де сайлау учаскелерін аралап, бақылау жүргізуге мүмкіндік болады деп ойлаймын. Шынында да, үйренетін тұстар бар. Мәселен, осындай шараны ұйымдастыру. Бәрі жоғары деңгейде деп ойлаймын», – деді ол.

Ал Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен қарым-қатынас жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Казбек Тайсаев Қазақстанның сайлауды өткізе алатынын айтты.

«Әсіресе көзге түскені – комиссия мүшелерінің дайындығы, олардың жоғары кәсіби деңгейі. Келісемін, сіздерден үйренетін нәрсе бар», – деді спикер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар