Еліміздің танымал дзюдошылары 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев және әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі жанындағы №437 референдум учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Нимбуркте өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынында жүрген спортшылар жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумға қатысты. Олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел үшін маңызды саяси оқиғаға қолдау көрсетті.
Еліміздің танымал дзюдошылары Чехияда дауыс берді