"Мен алғаш рет дауыс бердім": Қызылорда облысының жастары ерекше белсенділік танытты

/
"Мен алғаш рет дауыс бердім": Қызылорда облысының жастары ерекше белсенділік танытты

Республикалық референдумда Қызылорда облысының жастары «Мен алғаш рет дауыс бердім» акциясына белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетті. Әсіресе ауыл жастары қоғамдық маңызы зор саяси науқанға қызығушылық танытып, өз таңдауларын жасауға асықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыс бойынша бүгін 36 жас 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беруге құқығы бар азамат ретінде референдум учаскелеріне келді. Жастар арнайы ұйымдастырылған фотозонада естелік суретке түсіп, ерекше көңіл-күй мен қуанышты эмоцияларын бөлісті. Олардың қатарында Жас сайлаушылар клубының мүшелері де бар.

Жас дауыс берушілер өз әсерлерін бөлісе отырып, бұл күннің олардың өміріндегі маңызды белес екенін атап өтті. Бір қатысушы: "Бүгін алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік әрі мақтаныш", деді. Тағы бір жас: "Болашағымызға бейжай қарамай, өз пікірімізді білдіру әрбір жастың міндеті деп ойлаймын", - деп қостады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар