40 ене мен 40 келін референдумда бірге дауыс берді

/
40 ене мен 40 келін референдумда бірге дауыс берді
сурет: referendum2026.kz

Жетісай ауданында бір ауылдағы 40 ене мен 40 келін бірге келіп, бір уақытта дауыс беріп, ел болашағына қатысты таңдауын жасады. Бұл бастама отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ сабақтастығын айқындай түсті, деп хабарлайды turkystan.kz referendum2026.kz-ке сілтеме жасап.

Ақ жаулықты аналар мен келіндердің қатар келіп дауыс беруі үлкен мен кішінің арасындағы сыйластық пен түсіністіктің айқын көрінісіне айналды. Көпшілік бұл сәтті отбасы бірлігі мен татулығының, өзара құрмет пен ынтымақтың жарқын үлгісі ретінде қабылдады.

Енелер мен келіндердің айтуынша, мұндай маңызды кезеңде бірге келіп таңдау жасау әрбір отбасының қоғам алдындағы жауапкершілігін білдіреді. Олар елдің болашағы бүгінгі бірлік пен ауызбіршілікке тікелей байланысты екенін атап өтті.

Бұл бастама ауыл тұрғындарының да қолдауына ие болды. Көпшілік ақ жаулықты аналар мен келіндердің қадамын ұлттық құндылықтарды насихаттайтын әрі қоғамға үлгі болатын игі іс ретінде бағалады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар