270
Сандыққа жасырған ақшасын жымқырған келінді енесі сотқа сүйреді
Сандыққа жасырған ақшасын жымқырған келінді енесі сотқа сүйреді
Қызылорда облысының Қазалы ауданында енесінің сандыққа тыққан ірі көлемдегі қаражатын қжымқырған келін бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлады.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Оған қатысты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза сол мерзімге шартты деп есептеліп, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.