Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мегаполис басшысы «Түркістан сарайы» ғимаратында орналасқан №231 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол учаскеге таңертең келіп, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес дауыс беру рәсімінен өтті.
«Референдум – азаматтардың өз еркін тікелей білдіруінің бір түрі және қоғамның мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуының маңызды тетігі», – деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.