Көкшетаудың орталық базарында ер адам қайтыс болды

/
Көкшетаудың орталық базарында ер адам қайтыс болды
istockphoto.com

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

3 наурыз күні күндіз 103 жедел жәрдем қызметінің пультіне ес-түссіз жатқан адам туралы хабарлама түскен.

Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, дәрігерлер шақырту түскеннен кейін бірнеше минут ішінде оқиға орнына жеткен.

«Шақырту сағат 16:33-те Орталық базардың екінші қабаты мекенжайы бойынша түсті. Бригада оқиға орнына бес минуттан кейін, яғни 16:38-де жетті. Тексеру барысында науқаста жедел жәрдем келгенге дейін биологиялық өлім белгілері анықталды», – деп хабарлады облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы.

Ақмола облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», – деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары