Екібастұзда алкоголь өндірген цех анықталды

/
Екібастұзда алкоголь өндірген цех анықталды
polisia.kz

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Екібастұз қаласында тұрғын үйлердің бірінде заңсыз түрде алкоголь өндірумен айналысқан жасырын цехтың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында тұрғынның өз үйінде қолдан жасалған жабдықтар арқылы алкоголь өнімдерін дайындағаны анықталды.

– Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба, сондай-ақ виски, ликер және сыра секілді алкоголь өнімдерін қолдан жасап шығаруға арналған аппарат пен спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылғанымен, акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнімдер сараптамаға жіберілді. Оның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деді Павлодар облысы Екібастұз қалалық полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Полиция алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру, сондай-ақ оны дайындауға арналған құрал-жабдықтарды сақтау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары