Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

/
Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды
видеодан скриншот

Қарағандыда Chevrolet көлігінің жүргізушісі айналма жолда бағанаға соғылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде Шығыс айналма жолындағы жол-көлік оқиғасы болған жерден видео тарады. Жарияланған кадрларда жеңіл көліктің жол жиегіндегі бағанаға қапталымен соғылғаны көрінеді. Көлік қатты зақымданған.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты 12 наурыз күні шамамен сағат 11:20-да болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt көлігін басқарған 26 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың оң жақ жиегінде орналасқан бағанаға соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары