Жетісу облысында қар құрсауында қалған азаматтар құтқарылды

/
Жетісу облысында қар құрсауында қалған азаматтар құтқарылды
видеодан скриншот

Алакөл ауданында республикалық маңызы бар Достық – Үшарал автожолының 110-шақырымында қарға кептеліп қалған жүк көлігі туралы полицияға хабар түскен. Көлік кабинасында екі адам болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына қарай патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Е.Абылқасымов пен Е.Рысбеков және ТЖД қызметкерлері дереу шықты.

Қатты жел мен қар үйінділеріне қарамастан сақшылар оқиға орнына жедел жетіп, қарға батып қалған жүк көлігін анықтады. Жүргізуші мен жолаушылар өз күштерімен шыға алмаған. Қызметкерлер жедел түрде эвакуация шараларын ұйымдастырып, барлығын аман-есен құтқарды.

Полиция ауа райын ескеріп, қойылған шектеулерге назар салуға шақырады. Өз қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары