Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектептің жанындағы тұрғын үй ауласындағы қоқыс алаңынан табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан адам – 1971 жылы туған. Оның өлімінің мән-жайы әзірге белгісіз. Күдікті адам іздестіріліп жатыр, ал полиция оқиғаның толық жай-жапсарын жариялаған жоқ.
– Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл оқиға туралы жаңалық Ақтөбе тұрғындары арасында тез тарады. Жергілікті чаттар мен мессенджерлерде ата-аналарға балаларын көшеге жалғыз жібермеу туралы ескерту жасалып жатыр.