Астанада қатты желге байланысты 12 наурыз күні мектеп оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері (бірінші ауысым) онлайн оқуға көшірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты 2026 жылғы 12 наурызда 0–11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1–2 курс студенттері (9-сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтан оқу форматына көшеді», – делінген Астана қаласы Білім басқармасының хабарламасында.
Еске салайық, 12 наурызға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық өңірлерінде дауылды ескерту жарияланған. Синоптиктердің мәліметінше, қар, боран, көктайғақ және тұман күтіледі.