Төрт облыста жол ашылды

/
Төрт облыста жол ашылды
istockphoto.com

Төрт облыста көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-де келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:

Солтүстік Қазақстан облысы

 - «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 595–781 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Сергеевка қаласына дейін).

 - «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» автожолының 0–119 шақырым аралығы ( Волошинка ауылынан – Тимирязево ауылына дейін).

 - «Тимирязево – Сарыкөл – Костанай облысының шекарасы» автожолының 0–32 шақырым аралығы (Тимирязево ауылынан – Костанай облысының шекарасы).

 - «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (ө/п Бидайық)» автожолының 50–280 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – РФ шекарасы).

 - «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61–91 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – с. Саумалкөл).

 - «Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавловск» автожолының 0–31 шақырым аралығы (Петерфельд ауылынан – Новокаменка ауылына дейін).

- «Мемориал. кешені Қарасай Батыра» жолы 0–24 шақырым аралығы ( Саумалкөл ауылынан – Қарасай Батыра ауданына дейін).

 - «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 91–196 шақырым аралығы (Саумалкөл ауылынан – Рузаевка ауылына дейін).

 - «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 785–946 шақырым аралығы (Сергеевка қаласынан – Бескөл ауылына дейін).

Қостанай облысы

 - «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 555–683 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан –  Сарыкөл ауылына дейін).

 - «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабутақ» автожолының 385–501 шақырым аралығы (Рудный қаласынан – Денисовка ауылына дейін).

 - «Қостанай – Аулиекөл – Сұрған» автожолының 8–218 шақырым аралығы ( Тобыл қаласынан –  Октябрьское ауылына дейін).

Ақмола облысы

2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:20-да келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды:

- «Көкшетау — Атбасар» автожолының 0-105 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Балкашино ауылы);

- «Көкшетау қаласының айналма жолы (Әуежайға кіреберіс жолымен)» автожолының 0-18 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы);

- «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);

- «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы (Бидайық өткізу пункті)» автожолының 2-50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).

Ақтөбе облысы      

2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:30-да келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде жеңіл көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:  

- «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы»  автожолының 776-965 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы);

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1153 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы).

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары