Петропавлда қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқаратын Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің сарбаздары кәсібилік пен қырағылық танытып, ықтимал құқық бұзушылықтың жолын кесті.
09 наурыз күні сағат 19:20 шамасында ефрейтор Никита Шиминнің басшылығымен патрульші жауынгерлер Глеб Ковалевский және Руслан Теміржанов, сондай-ақ кинолог ефрейтор Жандос Амангелді "Инна" атты қызметтік иттің көмегімен азаматтардың бірінің күдікті әрекетіне назар аударды. Әскери қызметшілер құжат тексеру үшін ер адамды тоқтатқан.
Тексеру барысында оның қалтасынан ұзындығы 35-40 сантиметрлік пышақ табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шақырылды.
Ұландықтардың сауатты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жағдай жедел бақылауға алынды. Ер адам мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.