Қазақстанға тағы да бірнеше амур жолбарысы әкелінеді

/
Қазақстанға тағы да бірнеше амур жолбарысы әкелінеді

Көктемнің соңында Қазақстанға тағы төрт амур жолбарысын әкелу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жолбарыстарға келсек, олардың жағдайы жақсы, вольерде ұсталып отыр. Өткен жылы, 2023 жылдың желтоқсанында шағылысу болды. Өкінішке қарай, ол кезде ұрықтану болмады. Алайда биыл жылдың басында бұл процесс қайта тіркелді, сондықтан осы жұптан төл аламыз деп үміттенеміз», – деді Нысанбаев Мәжілістегі брифингте.

Министр бағдарламаны одан әрі кеңейту жоспарлары туралы да айтты.

«Сонымен қатар сәуір-мамыр айларында Ресей тарапымен жасалған келісімге сәйкес тағы төрт жолбарыс әкелуді жоспарлап отырмыз», – деп қосты министр.

Еске салайық, 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға Нидерландтан (Stichting AAP орталығы) екі амур жолбарысы – аталығы Богдан мен аналығы Кума әкелінген болатын. Бұл Іле-Балқаш резерваты аумағында жолбарыстар популяциясын қайта қалпына келтіру бағдарламасының алғашқы кезеңі еді. Бұл өңірде Тұран жолбарысы 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен.

Жыртқыштар 3 гектар аумақты қамтитын вольерлерге бейімделіп үлгерді. Олар табиғи азыққа (жабайы қабан, елік) көшіп, екі қысты да жақсы өткерді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар