Ауа-райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 11 наурыз сағат 11:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Қостанай облысы
«Қостанай — Аулиекөл — Сурған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Акмолинская облысының шекарасы);
«Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 555-683 шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Сарыкөл ауылы).
Солтүстік Қазақстан облысы
- «Астана — Көкшетау (айналма жолы) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа жол ө/п)» автожолының 341-473 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы — Бескөл ауылы);
- «Петерфельд – Архангельск – Новокаменка – "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автомобиль жолы» 0-31 шақырым аралығы (Петерфельд ауылы — Новокаменка ауылы);
- «Булаево — Возвышенка — Молодогвардейское — Кирово — Киялы — Рощинское» автожолының 0-228 шақырым аралығы (Булаево қаласы — Рощинское ауылы);
- «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолының 0-87 шақырым аралығы (Рощинское ауылы — Волошинка ауылы);
- «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» автожолының 0-24 шақырым аралығы;
- «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 91-196 шақырым аралығы (Саумалкөл ауылы — Рузаевка ауылына).
Ақмола облысы
- «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 18-232 шақырым аралығы (Астана қаласы – Щучинск қаласы);
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 278-16 шақырым аралығында (Атбасар қаласы – Астана қаласы);
- «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автожолының 0-82 шақырым аралығы (Жақсы кенті — Бұзылық ауылы);
- «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Сұрған кенті);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 313-341 шақырым аралығы (Гранитный ауылы — СҚО шекарасы);
- «Көкшетау қаласының айналма жолы (Әуежайға кіреберіс жолымен)» автожолының 0-18 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304-232 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Щучинск қаласы);
- «Көкшетау — Атбасар» автожолының 0-184 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Атбасар қаласы).
Ақтөбе облысы
2026 жылғы 11 наурыз сағат 13:10-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1153 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.