Астана маңына қатынайтын төрт автобус тоқтады

/
Астана маңына қатынайтын төрт автобус тоқтады
Фото: CTS

Астанада ауа-райының бұзылуына байланысты қала маңына қатынайтын бірнеше автобус тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, №315, 316, 327, 329 қала маңындағы маршруттардың қозғалысы тоқтатылған.

Қалған қала маңындағы маршруттар желіде жұмыс істеп тұр.

Жолаушыларға сапарларын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерістерді ескеріп, ақпараттың жаңартылуын қадағалау ұсынылады.

Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары