Жүргізушілерге ескерту жасалды: 13 облыста ауа-райы бұзылады

/
Жүргізушілерге ескерту жасалды: 13 облыста ауа-райы бұзылады
istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық автожолдардағы ауа-райы туралы мәлімет беріп, жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 11 наурызда Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары