Ауа-райының бұзылуына байланысты тағы екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 10 наурыз сағат 10:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
Қарағанды облысы
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы — Топар кенті);
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 184-197 шақырым аралығы (Теміртау қаласы — Қарағанды қаласы).
Ұлытау облысы
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 788-756 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Жаңаарқа кенті).
Жолды 2026 жылғы 11 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.