Қазақстандық дзюдошы Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды

/
Қазақстандық дзюдошы Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күнін бір медальмен аяқтады. Тек Шерзод Давлатов қана қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасының төрт дзюдошысы қола медаль үшін белдесті.

Алайда олардың тек біреуі ғана жүлдегерлер қатарына қосылды.

48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова нидерландтық Амбер Герсьестен жеңіліп қалды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық дзюдошылар арасында өткен белдесуде Шерзод Давлатов командаласы Аман Бақытжанды жеңді.

Ал Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін өткен белдесуде испаниялық Адриан Чинарро Ниетодан жеңіліп қалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар