Таяу Шығыстағы жағдай: Қазақстан азаматтарына СІМ маңызды ескерту жасады

/
Таяу Шығыстағы жағдай: Қазақстан азаматтарына СІМ маңызды ескерту жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына 14 елге баруға қатаң тыйым салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:

-Бахрейн

-Мысыр

-Израиль

-Йемен

-Иордания

-Ирак

-Иран

-Қатар

-Сауд Арабиясы Корольдігі

-Кувейт

-Ливан

-БАӘ

-Оман

-Сирия

“Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға тағы да шақырамыз”, - делінген ресми хабарламада. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары