Ақтөбе облысында ауа-райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2026 жылғы 6 наурыз сағат 12:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау» автожолының 11-250 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласы — Қарауылкелді кенті) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Жолды 2026 жылғы 6 наурыз сағат 16:00-де ашу жоспарланған.