“Халықтан үлкен емеспіз”: Жазира Байырбекова Қазақстанға ұша алмай жүргендердің көптігін жазды

/
“Халықтан үлкен емеспіз”: Жазира Байырбекова Қазақстанға ұша алмай жүргендердің көптігін жазды
ашық дереккөз

Өнерлі жұп Жанболат пен Жазира Дубайдан әлі де ұшып кете алмай жатқандарын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде әнші Жазира Байырбекова әуежайда отырғанын және жақын уақытта Түркия еліне ұшатыны жайлы жазба жариялады. Жазбаның астына мынадай пікір қалдырды:

«Ұша алмай жүрген халық өте көп. Халықтан үлкен емеспіз. Ниеттеріңізге рақмет!», — делінген жазбада.

Сонымен қатар, әнші эвакуациялық ұшаққа отыруға Дара қызының жасы сәйкес келмегенін алға тартты.

«Біз Маскат қаласында. Әуежайындамыз. Әуежайға келгендердің барлығы: "Билет бар ма?" – дейді. Қайда десең, "қайда болса да бәрібір" деп жауап береді. Біз де қайда болса да деп тыныш мемлекетке ұшайын деп тұрмыз. Қазір Алла қаласа, Түркияға, Ыстамбұл қаласына билет алдық. Әрі қарай көре жатармыз. "Елден келетін эвакуациялық ұшаққа неге мінбедіңіздер?" деген сұраққа айтар жауабым: ол жерде баламен болсаңыз, 5 жасқа дейінгі бала болуы керек. Біздің Дара 6-ға толған. Сол үшін заңдар бойынша бізді алып кетпейтін сияқты. Күтіп отыруға қорқып жатырмыз. Сол үшін Ыстамбұл арқылы көреміз. Сәттілік тілеп жатқандарыңызға рақмет!»,– деді Жазира Байырбекова Instagram әлеуметтік желісінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары