Алматы облысында күйеуін өлтірді деген күдікпен жұбайы және енесі ұсталды

/
Алматы облысында күйеуін өлтірді деген күдікпен жұбайы және енесі ұсталды

Алматы облысында ер адамды аса қатыгездікпен өлтіру оқиғасына байланысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Politico.kz сайты жазды.

Оқиға 14 ақпанда Талғар қаласында болған. Жеті баланың әкесі атанған азаматтың денесінен 30-дан аса пышақ жарақаты табылған. Жәбірленуші тараптың адвокаты Асылбек Әбдірайымовтың мәлімдеуінше, күдікті ретінде марқұмның әйелі мен енесі танылып отыр. Алдын ала ақпарат бойынша, шабуыл ер адам ұйықтап жатқан кезде жасалған.

Адвокаттың сөзінше, қайғылы жағдайға дейін марқұм жылқыларының жоғалғанын айтып, полицияға арыз түсірген. Тергеу барысында құқық қорғау органдары жоғалған малға марқұмның жұбайының қатысы болуы мүмкін деген дерекке келген. Осы мән-жай отбасындағы кикілжіңді ушықтырғаны айтылып отыр.

«Ешқандай дүние-мүлік адам өмірімен өлшенбейді. Бір сәттік ашу бірнеше жанның тағдырын ойран етті», – деді адвокат.

Алматы облыстық Полиция департаменті екі күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады. Қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып адам өлтіру) тергеліп жатыр. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар