Семейдегі өрт салдарынан екі бала ауруханаға жеткізілген

/
Семейдегі өрт салдарынан екі бала ауруханаға жеткізілген

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Комитет аталған оқиғаға қатысты ресми пікір білдірді.

"Аталған оқиға бойынша зардап шеккен балалар жоқ екенін хабарлаймыз. Екі бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлік тексеруден кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта балалардың денсаулығына қауіп жоқ. Оқиға орнында Абай облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеуде. Өрттің себептері мен мән-жайы құзырлы органдар тарапынан анықталуда. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары