Депутаттар біркүндік еңбекақысын аударады

Депутаттар біркүндік еңбекақысын аударады

Депутаттар біркүндік еңбекақысын аударады
ашық дереккөзі
460
Сенат депутаттары тасқын судан зардап шеккендерге біркүндік еңбекақысын аударады. Парламент Сенаты Бюросының қаулысымен осындай шешім қабылданды. Ал халық қалаулыларының өзі бұнымен шектеліп қалмай, көмек көрсетудің басқа да тетіктерін қарастырып жатқандығын айтады. Оның ішінде Жоғарғы палата отырысында Үкіметке жолданатын арнайы сауал да бар. Елеусін Сағындықов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: - Ертең Сенаттың отырысы болады. Депуттаттық сауал дайындап жатырмыз. Үкіметтің қорынан зардап шеккендерге, баспанасыз қалғандарға, бірталай затынан айырылғандарға тікелей жәрдем беруді бірден қолға алуымыз керек. Жергілікті атқару органдарының комиссиясы тез анықтап, шешімін дайындаса, соған тиісті қаржы бөлінуі керек дейміз.  

Серіктес жаңалықтары