Жүргізушілерге ескерту жасалды: 12 облыста ауа-райы бұзылады

/
Жүргізушілерге ескерту жасалды: 12 облыста ауа-райы бұзылады
istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 2 наурызда Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.   

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар