Ауа-райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 26 ақпан сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Алматы облысы
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 955-1121 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы — Күрті ауылы).
Жамбыл облысы
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 893-955 шақырым аралығы (Бұрылбайтал ауылы — Алматы облысының шекарасы).
Жолды 2026 жылғы 27 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.