Қарағанды әуежайы маңында Су-30СМ ұшағы құлады

/
Қарағанды әуежайы маңында Су-30СМ ұшағы құлады
Қорғаныс министрлігі

25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қорғаныс минситрлігінің мәлімдеуінше, ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір медициналық мамандардың бақылауында.

"Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар