Оңтүстіктегі екі облыста жол жабылды

/
Оңтүстіктегі екі облыста жол жабылды
istockphoto.com

Ауа-райының бұзылуына байланысты Жамбыл және Түркістан облысында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жамбыл облысы

2026 жылғы 25 ақпан сағат 14:15-те ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Түркістан облысы

2026 жылғы 25 ақпан сағат 14:15-те Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Екі облыста да жолды 2026 жылғы 26 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар