Астанаға ресми сапармен Сербия президенті келеді

/
Астанаға ресми сапармен Сербия президенті келеді
istockphoto.com

26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары